|
ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚ!
Мен Сізді Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық сайтында құттықтағаныма қуаныштымын. Біздің орталық орталық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдарға консультациялық қызметтер ұсынғанына бір жылдан асты. Біз өзіміздің ұсынымдарымыздың отандық экономиканың тұрақты дамуына және республика азаматтарының әл-ауқатының артуына бағытталған шешімдер қабылдауға ықпал етуіне ұмтылатын боламыз. Бұл біз үшін нәтижеліктің басты көрсеткіштері болып табылады. Біз өз қызметімізді еліміз және бүкіл әлем бастан кешіп отырған қиын уақытта бастадық. Бұл – сыртқы жағдайлардың, оқиғалардың және ахуалдың ұдайы өзгеріп отырған уақыты. Елде тактикалық сияқты, жүйелі мәселелерді де шешу қажет етілетін уақыт. Біздің компаниямыз үшін - бұл қалыптасудың үздік кезеңі және біз өз жұмысымыздың сұраныс тауып отырғанын көре біліп, оның сапалы орындалуына жауапкершілігімізді нық сезінеміз. Біздің сырымыздың мәні өте қарапайым. Біріншіден, біз, сапаның не екенін және оған қалай қол жеткізуге болатынын білеміз. Екіншіден, біз келушілерге өмірде енгізуге болатын дайын шешімдер ұсынамыз. Үшіншіден, біздің команда - өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандар. Жаһандық жүйедегі біздің өкілдігіміз – бұл Сізбен тікелей араласу, Сіздің пікіріңізді және Өзіңізді қызықтыратын тақырыптарды біліп отыру мүмкіндігі. Мұнда Сіз біздің қызмет түрлеріміз және біздің команда туралы біле аласыз. Біз ынтымақтастық туралы ұсыныстарға ашықпыз және Орталықтың жұмысына қатысты кез келген сұрақтарға жауап береміз. Біз өз жұмысымызда пайдаланатын, экономикалық талдаудың осы заманғы әдістері, мемлекеттік саясатты талдау әдістемелері, жобалық менеджментті амалдары туралы, яғни, өзімізді консультациялық қызметтер нарығында бәсекелес қабілетті ету туралы айтуға болады. Бірақ, бұл сөз ғана. Ежелден, шеберлік деңгейін айқындау үшін адамнан өз өнерін танытуды сұраған. Біз де, өзімізді іс жүзінде тексеріп, кәсіби деңгейімізге көз жеткізуді ұсынамыз. Табысқа деген игі тілекпен, |
| Индикатор | 2009 г. | кант.-маусым 2010 г. | |
| ЖІӨ, млрд. теңге | 16 100,3 | - | |
| ЖІӨ өсуі, % | 1,2 | 8,3** | |
| Қысқа мерзімді экономикалық индикатор*, өткен жылдың тиісті кезеңіне, % | 101,0 | 108,8 | |
| Инфляция, % | 7,3 | 107,1 | |
| Жұмыссыздық деңгейі, % | 6,6 | 6,0 | |
| Индекс реальной заработной платы, % | 103,2 | 103,7** | |
| Ұлттық Қордың қаражаты, АҚШ млн. доллары | 24 368 | 26 541,0 | |
| Алтынвалюта қоры, АҚШ млн. доллары | 23 218 | 26 090,0 | |
| Төлем балансы сальдосы, АҚШ млн. доллары | 2721,4 | 4278*** | |
| *Базалық салалар бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатордың есебі: ЖІӨ-ің 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс . | |||
сараптамалық бағалауы
| Индикатор | 2009 г. | мамыр 2010 г. |
| Халықтың алатын кірістеріндегі несиелердің үлесі, % | 69,1 | 66,3 |
| Халықтың қор жинауға бейімділігі, % | 9,3 | 11,9 |
| Шикізаттық емес экспорттың шикізаттық емес импортқа қатынасы | 0,44 | 0,56 |
| Сыртқы борышқа қызмет ету бойынша орнықтылық (жалпы ұлттық көрсеткіш) | 6,3 | 14,9 |
| Сыртқы борышқа қызмет ету бойынша банк секторының орнықтылығы | 1,0 | 1,0 |